«Самұрық – Қазына»: Арыс қаласындағы 68 нысан қалпына келтірілді

arys 6 Жаңалықтар

Atr.kz/16 тамыз, 2019 жыл.  Арыс қаласындағы 68 әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын «Самұрық-Қазына» компаниясын қалпына келтіруді аяқтады. Бұл туралы Atr.kzге аталмыш компания хабарлады.

Оның ішінде 64 нысан жөнделіп, төртеуі бұзылып, қайта тұрғызылды.

Бүгінгі таңда 56 нысан пайдалануға берілді, сегіз нысанның жөндеу жұмыстары 20 тамызға дейін аяқталады. Қайта қалпына келтірілген 4 нысан қыркүйек-қазан айларында пайдалануға беріледі. Олардың қатарында жәрдем және стоматологиялық бөлімдер, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі және балабақша бар.

«Біз нысандардың жағдайын бағалап, оларды қалпына келтірумен шектеліп қалуға болмайтынын бірауыздан шештік. Сондай-ақ, ғимараттардың жақсаруын қамтамасыз ету керек. Барлық мектептер жиһазбен жабдықталып, сондай-ақ ағаш терезелер пластикалық терезелермен ауыстырылды, ескі футбол алаңның орнына  жаңа алаң құрылды және мектепке арналған жаңа жиhаз алынды», – деді «Samruk Kazyna Construction» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Арман Жетпісбай.

Айта кету керек, 1 шілдеде Қор қираған әлеуметтік нысандарды – 6 балабақшаны, 16 мектепті, 1 колледжді, 30 жеке меншік балабақшаны, 8 денсаулық сақтау нысанын, 4 спорт нысанын, теміржол вокзалын, даңқ алаңы мен орталық алаңын жөндеуді бастады.

«Самұрық-Қазына» Арыс қаласындағы қалпына келтіру және құрылыс жұмыстарына 7  млрд. теңге бөлді. Нысандарда шатырларды, терезелерді, есіктер мен едендерді ауыстыру мен әрлеу сынды негізгі жұмыс түрлері жасалды. Жөндеу барысында жергілікті және шетелдік өндірістің материалдары пайдаланылды. Барлық қолданылған материалдар құрылыс нормаларының талаптарына сай келеді және сәйкес сапа сертификаттарына ие. Қор атынан жоба әкімшісі болып «Samruk Kazyna Construction» АҚ бекітілді.

Айта кеткен жөн, 13 шілдеде «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Арыс және Түркістан қалаларында болды. Құрылыс жұмыстарының барысымен танысқан Қор басшысы жұмысты жоспарға сәйкес уақытылы жүргізуді тапсырды.

arys 1
arys 2
arys 3
arys 4
arys 5

«Atr – Ақпарат»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз