Жарнама
Жаңалықтар

«Самұрық-Қазына» АҚ талантты балаларға қолдау көрсетеді

«Samruk-Kazyna Trust» қоры қаржыландыратын «Жас таланттар» қайырымдылық жобасына еліміздің барлық өңірінен білімді, өнерлі жеткіншектер қатыса алады, — деп хабарлайды atr.kz тілшісі.

Жобаға өтінім жылдың кез-келген уақытында қабылданады. Қорға келген өтінім аясында еліміздің барлық облыс, ауыл, аудандарында тұратын талантты балаларға халықаралық фестивальдерге, байқауларға және спорттық сайыстарға қатысу үшін жол жүру гранттары беріледі.

Жол шығындары 16 жасқа дейінгі әлеуметтік осал санаттағы балалар мен жасөспірімдерге халықаралық спорт жарыстарына, шығармашылық және ғылыми конкурстарға қатысу үшін қарастырылады.

«Самұрық-Қазына» АҚ хабарлауынша, өтінім беруші республикалық конкурстардың, олимпиадалар мен чемпионаттардың жеңімпазы немесе жүлдегері болу қажет. Жол грантын беру ережесі туралы толығырақ https://sk-trust.kz/kk/ сайтынан білуге болады.

c9f80613 b48d 4612 a8b7 d6e1d55b9f82

Айта кетейік, бүгінгі таңда «Жас таланттар» жобасы аясында еліміздің түкпір-түкпірінен 112 бала шетелдік сайыстарға барып, жүлделі орындарға ие болды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button