Жарнама
Жаңалықтар

Салық органдарының ескертуінен кейін блогерлер қанша салық төледі?

Премьер-министрдің орынбасары — ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин салық төлемегендер тізіміне енген қазақстандық блогерлер қарыздарын өтей бастағанын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министр бүгінде ірі бизнес салық төлеуден жалтаруы немесе оны азайтуы үшін әртүрлі схема қолданатынын мәлімдеді. Жұманғариннің айтуынша, тәртіп орнату басталған, салық органдары да қажет шараларды қабылдап жатыр.

«Жұмыс жүріп жатыр, оны көріп отырсыздар, бірақ әзірге оған пікір білдірмеймін. Тиісті хабарламалар берілген және мұның бәрі камералдық бақылау негізінде жасалған. Бұл — салық комитетінің тұрақты жұмысы. Бұл жолы оның бір бөлігін, ішін көрсеттік», — деді вице-премьер Серік Жұманғарин.

Оның сөзінше, бұл «бюджетке қосымша табыс көзін іздеумен айналыспайды» деп жиі айтылатын салық органына қатысты сыннан туындаған.

«Салық комитеті жұмыс істеп жатқанын айта аламын. Тек осы жолы кейбір жайттар сіздер үшін ашық жарияланды, соның ішінде блогерлерге қатысты жайт та бар. 15 блогер 1,5 миллиард теңге қосып, бюджетке 75 миллион теңге төледі», — деді Жұманғарин.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық блогерлерге 53 млрд теңге төлеуге бір ай уақыт берілді. Мемлекеттік кірістер комитеті мәліметінше, 594 адам кірісін жалпы сомасы 53,3 миллиард теңгеге төмендеткен. Енді блогерлер нақтыланған салық есебін тапсырып, салық төлеуі керек немесе 30 жұмыс күні ішінде түсініктеме беруі қажет.

Бұған дейін Мемлекеттік кірістер комитеті Жеке тұлғалардың кірістерін әкімшілендіру басқармасының басшысы Дина Құсайынова салық органдарына қазақстандықтардан шағым түскенін мәлімдеді. Ол блогерлерге хабарламалар 2025 жылғы ақпанда 2022 және 2023 жылдардағы деректерді талдау нәтижесінде жіберілгенін айтты.

Мемлекеттік кірістер комитеті бұдан кейін де әлеуметтік желілерде тарап кеткен блогерлердің тізімі мен олардың табысы туралы ақпаратқа пікір білдіріп, бұл тізім ресми құжат емес екенін және жүргізіліп жатқан салық тексерісіне қатысы жоқ екенін айтты.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button