Танысын балағаттағаны үшін 56 мың теңге айыппұл салынды

1 9 Жаңалықтар

Атырауда танысын балағаттаған азаматқа 56 мың теңге айыппұл салынды. Басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiн әдепсiз түрде кемсiткен айыпталушыға қатысты қылмыстық іс Атырау қаласының №2 сотында қаралған.

1

Анықталғандай, сотталушы Ә.А. өзінің танысы А.М.-ның жұмыс орны – сұлулық салонына келіп, ол жерде жанжал шығарып, оған дөрекі сөздер айтқан.

Сот отырысында сотталушы өз кінәсін мойындамай, бұрын жәбірленуші А.М.-мен кездескенін, бірақ жанжал кезінде оны балағаттап, кемсітпегенін айтты.

Жәбірленуші сотта олардың өзара татуласулары мүмкін еместігін баяндап, оған заң бойынша жаза тағайындауды сұрады.

Сот үкімімен айыпталушы Қылмыстық Кодекстің 131-інші бабының, 1-інші бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 56 725 теңге айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Айдос Қарабала

Фото nur.kz сайтынан алынған

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз