Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

«Салауатты университеттер» жобасы іске қосылды

Atr. kz / 19 – ақпан. Атырау облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті студенттер арасында «Салауатты университеттер» жобасын қолға алды.

Аталған жобаны тәжірибеге енгізу мақсатындағы алғашқы кездесу Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде өтіп, бірлескен Меморандумға қол қойылды.                     

Әрбір адамның денсаулығы – өз қолында. Сондықтан, ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеу қашан да маңызды. Бұл ретте кімде-кім ұйқыдан ерте тұрып, аш қарынға су ішуді, таңғы жаттығу жасауды әдетке айналдыру қажет. Тұзды тағамдардың қан қысымын арттыруға себепші екенін естен шығармау керек. Қозғалыстың жиі болуын ұйымдастырып, жаяу жүріп, жүгірген жөн. Шылым шекпей, жат қылықтардан аулақ болған абзал. Осынау әрекеттерді әрбір адам күнделікті күн тәртібінде сақтауы қажет, — дейді Атырау облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Темірбек Мұсағалиев.

zagruzhennoe

Аталған департаменттің бас маманы Мұрат Қамзиннің айтуынша, Дүниежүзілік денсаулық  сақтау ұйымының «Саламатты университеттер» жобасы «Бәріне денсаулық» стратегиясының қағидаларына, Денсаулықты нығайту бойынша Оттава Хартия философиясына және «ХХІ ғасырдағы күн тәртібі» тұрақты дамуға өту бойынша БҰҰ бағдарламасына негізделген. Бұл бағдарламалар адамдардың дамуына, оқуына, тәрбие алуына, әл-ауқаты мен өсіп-өркендеуіне біртұтас тәсіл шеңберінде қиын мәселелерді шешуге ықпал етеді. Жоба бүгінге дейін Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарынан басқа аймақтарда жүйелі іске асқан. Біздің өңірде аталған университетте бастау алған бұл жоба биыл  облыс мектептері мен ірі  жұмыс орындары арасында жалғасады. Келер жылы «Салауатты қала» атауымен Атырау қаласында жүзеге асады.

zozh na dom

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button