Атырауда шектеу қойылғанына қарамастан, кафе-мейрамханалар жұмысын жалғастырған

imgpreview Жаңалықтар

Atr.kz/19 наурыз, 2020 жыл. Атыраулық полицейлер елімізде төтенше жағдай жарияланғанына қарамастан тәртіп бұзған екі заңбұзушылық дерегін анықтады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде онлайн түрде өткен брифинг барысында айтылды.

Облыстық полиция департаменті Жергілікті полиция қызмет басқармасының бастығы, полиция полковнигі Әлібек Қайыровтың айтуынша, облыс аумағында екі құқықбұзушылық фактісі анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылуда. Күні бүгінде тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

 –Төтенше жағдай жарияланғаннан кейін бірқатар шектеулер қойылды. Соның ішінде мейрамхана, кафелер 22.00-ден кейін қызмет атқармауы тиіс. Қазіргі таңда біз осы мәселе бойына пекі фактіні анықтап, әкімшілік құқықбұзушылық болып танылды. Материалдар әкімшілік сотта қаралып, жауапкершілікке тартылады. Тағы бір атап өтер жайт, бүгінгі таңда елдегі жағдайға орай облыстық әкімдікте штаб құрылды. Тәулік бойы жұмыс істейтін 109 колл-центріне хабарласып, заңсыздықтарды байқаған кезде хабарлауға болады, – деп нақтылады Ә. Қайыров.

Басқарма бастығының мәлім етуінше, төтенше жағдай басталғаннан бері өңірдегі тәртіп сақшылары қызмет бабында медициналық маскалармен қамтылған.

Айбөпе САБЫРОВА

http://atr.kz/bez-rubriki/atyrau-%d3%99uezhajynda-zholaushylar-teplovizormen-tekserilip-zhatyr/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз