Жарнама
ЖаңалықтарМедицина

Салаға серпін берер шара

Атырауға келген Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері өзге аймақтардан жиналған дәрігерлер осы сапарларында перинаталдық орталықтар, ауруханалармен қатар аудандарда да болды.

Өкінішке қарай өңірде соңғы жылдары ана мен бала өлімі көбейген. Мәселенің маңыздылығына орай әр аймақтан келген білікті мамандар жергілікті дәрігерлерге кеңестерін беріп, тәжірибе алмасып, нәрестелер өлім-жітіміне мониторинг жүргізді. Дәрігерлер тобын бастап келген Денсаулық сақтау министрлігі ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова екі күндік іссапар, саладағы шетін мәселелерді анықтап, оны түзетуге себеп болатынын айтты.

– Біздің басты мақсатымыз – ана мен бала өлімін болдырмау, жалпы денсаулық сақтау саласының сапасын арттыру болып табылады. Атырауға бұған дейін де келген болатынбыз. Бұл жолы Жылыой, Құрманғазы аудандарын араладық, мамандардың біраз жұмыстар атқарғанына көз жеткіздік. Шалғай аудандардағы медицина мекемелерінің жұмысына қолдау көрсетіп, білікті дәрігерлер тәжірибесімен бөлісу – жұмысымыздың негізгі бағыты, — деді ол.

О б л ы с т ы қ б а л а л а р ауруханасының директоры Нұрқабыл Айтмұхамбетовтің айтуынша, аймақта жыл басынан бері 7 407 бала өмірге келген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 384-ке көп. Ал өлі туылған сәбилер саны былтыр 54 болса, биыл – 52. Бір айта кетерлігі, балалар өлімінің 92 пайызы 1 жасқа дейінгі сәбилер арасында тіркелген. Есепті мерзімде жалпы бала өлімі 10,8 пайыздан 10,1-ге азайып, өлім-жітімнің төмендегені байқалады.

Мәлике ҚУАНЫШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button