Жарнама
Жаңалықтар

Сайлаушылардың 85,52 пайызы Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс берді  

Еxit poll нәтижесі бойынша 20 қарашада өткен ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы барысында сайлаушылардың 85 пайыздан астамы кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс берген. Бұл туралы «Астана» телеарнасының тікелей эфирінен AMANAT партиясы жанындағы Қоғамдық саясат институты жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған институт бүгін күні бойы сайлау учаскелерінің шыға берісінде сайлаушылар арасында әлеуметтік зерттеу — Exit poll өткізіп, 70 мыңнан астам адамды қамтыған.

Сонымен, exit-poll нәтижесі келесідей:

Қасым-Жомарт Тоқаевқа – 85,52 пайыз;

Жигули Дайрабаевқа – 2,67 пайыз;

Қарақат Әбденге – 2,61 пайыз;

Мейрам Қажыкенге – 2,43 пайыз;

Нұрлан Әуесбаевқа – 1,93 пайыз;

Салтанат Тұрсынбековаға — 1,44 пайыз дауыс берілді.

Ал бәріне қарсымын бағанын 3,4 пайызы белгілеген.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button