photo 175143

Сайлау күнінде ұшқышсыз ұшу аппараттарына шектеу қойылады

Жаңалықтар Саясат

Atr.kz/6 маусым, 2019 жыл. ҚР Президентінің сайлауы күні Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында әуе кеңістігін пайдалану бойынша тиісті шектеулер енгізілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

«2019 жылғы 9 маусымда сағат 04:00-ден 24:00-ге дейін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының аумақтарында ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану бойынша уақытша шектеу қойылады. Бұл ҚР ИИДМ, ҚР ІІМ және ҚР Қорғаныс министрлігінің келісілген шешімі екенін хабарлаймыз. Шектеулер жер бетінен 500 метрге дейінгі биіктікке қолданылады», – делінген Азаматтық авиация комитеті мәліметінде.

Осыған байланысты аталған елді мекендер бойынша белгіленген мерзімде ұшуға рұқсат берілмейді.

«Бұл шектеулер Нұр-Сұлтан мен Алматы әуежайларының қызметіне және жоспарлы рейстерді жүзеге асыруға әсер етпейді.Шектеулі ұшу аймағында (ұшқышсыз ұшу аппаратын ұшырған жағдайда ) рұқсат етілмеген аппаратты қолданған адамға 10 АЕК мөлшерінде, лауазымды тұлғаларға 20 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынады (Әкімшілік кодексінің 563-бабы)», – делінген хабарламада.

Ұшу аппараттарын пайдалану тәртібі ҚР ИИДМ сайтында жарияланған.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған