Атырау аумағында полипропилен өндіретін кешен салынып жатыр

137732 dimari ua 828x552 1 Жаңалықтар

  Atr.kz/25 желтоқсан, 2019 жыл.  Ол Арнайы мұнай-газ химия аймағына кіретін жоба ауқымында жүзеге асуда.

–Атырау мұнай өңдеу зауытында өткен жылдан бастап хош иісті көмірсутектер (бензол, параксилолды) өндірісі басталды. Биыл бензол мен параксилол өндіру көлемі 125 мың тоннадан асады. Сонымен қатар, осы жылдың тамыз айында Алматы облысында жағармай шығаратын зауыт пайдалануға берілді. Оның қуаты – жылына 100 мың тонна. Осы өндіріс ішкі нарықтың жағармайға деген қажеттігін жабуға және жақын шетелге оны экспорттауға мүмкіндік береді, – деді министрдің орынбасары Әсет Мағауов.

 Ол саланы дамытуға инвестиция тарту үшін Атырау облысындағы Арнайы мұнай-газ химия аймағына мемлекеттік  қолдау көрсетіліп жатқандығына тоқталды.

– Арнайы мұнай-газ химия аймағында қуаты 500 мың тонналық полипропилен өндіретін кешен салынып жатыр. Полипропилен жобасы бойынша құрылысмонтаждау жұмыстары 44 пайыз орындалды. Теміржол инфрақұрылымы, іргетас салу жұмыстары толық аяқталды. Бүкіл жабдыққа тапсырыс беріліп, олар жартылай жеткізілді. Құрылыс алаңында шамамен 1 700 қазақстандық азамат жұмыс істейді. Жоба 2021 жылы аяқталады, – деді Әсет Мағауов.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз