Жарнама
Жаңалықтар

Сайлау күні Мақатта қоғамдық көліктер тегін жүреді

9 маусым күні ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына дауыс беруші сайлаушылар үшін ішаралық қоғамдық көліктер тасымалы тегін қызмет көрсетеді.

«Мақат кенті ішаралық жолаушылар тасымалдайтын №1 маршурты, Доссор кенті ішаралық жолаушылар тасымалдайтын №2 маршурты және Бәйгетөбе ауылы мен Мақат кенті 4-бөлімшеге дейін жолаушылар тасымалдайтын №4 маршурттарында жол жүру ақысы тегін болады. Аудан тұрғындары  сайлау учаскелеріне тегін жетіп, қалаған үміткеріне дауыс бере алады», — деп хабарлады Мақат ауданы әкімі аппараты.

Сонымен қатар, аудан тұрғындарының әл-ауқатын көтеру мақсатында бұл күні аудан орталығында Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің алдында, Газшылар ықшам ауданы «Үміт» жатаханасының алдында, М.Баймұханов мектебінің алдында және Доссор кентінде Доссор мәдениет үйінің алдында сауда саттық және азық түлік жәрмеңкесі ұйымдастырылады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button