Сағызда стадион, Миялыда 60 пәтерлік үй салынады

qyzylqoga audany Жаңалықтар

«Биыл Қызылқоға ауданында бірқатар маңызды нысандардың құрылысы басталады» деп хабарлайды Atr.kz

Олардың қатарында жергілікті тұрғындар көптен күтіп жүрген әлеуметтік нысандар бар. Мәселен, Сағыз ауылында орталық стадион салынады.

«Стадион құрылысы Қызылқоға ауданының орталығы Миялы ауылынан да жоспарланып отыр. Сонымен бірге, Миялы ауылында 60 пәтерлік үш қабатты үй құрылысы салынады» деп нақтылады Қызылқоға ауданының әкімі Нұрсұлтан Бисембиев.

Бұдан бөлек, биыл тұрғын үй құрылысын салу үшін Миялы ауылында 276, Сағыз ауылында 225 жер теліміне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым желілерінің, соның ішінде газ, ауыз су, электр желілерінің құрылысы жүргізіледі.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қызылқоға ауданы бойынша газ тартылмаған Тасқұдық, Соркөл, Сарқұмақ, Былқылдақты, Коңыраулы, Кенбай елді мекендеріне «көгілдір отын» құбырының құрылысы биылғы жылы басталатындығын хабарлаған болатынбыз.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз