Жарнама
Жаңалықтар

СӘБИДІ САҚТАП ҚАЛДЫ

Белгілі болғандай, оқиға 9 қаңтарда Атырау қаласындағы «Атаба» супермаркеттер желілерінің бірінде орын алды. Сол күні кешкі сағат 22.00 шамасында есінен танып қалған кішкентай қызын құтқармақ болып, ер адам жанталасып жатты. Дене қызуы 40,5 градусқа дейін көтерілген бүлдіршін есінен айырылып, сандырақтай бастайды. Оны байқап қалған «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5546 әскери бөлімінің қызметкері, келісім-шарт қызметінің сержанты Мұхтар Өрбісінов лезде қол ұшын созды. Жедел жәрдем шақырып, ол келгенге дейін өзінің зайыбы, жедел жәрдем фельдшері Самалмен бірге қызға алғашқы медициналық көмек көрсетеді. Қызуын түсіріп, денесіне сылау жасайды. Жәдел жәрдем дәрігері баланы құтқаруда ең алғашқы көмек дер кезінде және дұрыс жасалғанын атап көрсетті.

Қызының аман қалғанына қуанған ата-анасы 5546 әскери бөлім командирі, подполковник Бегайдар Күртібаевтың атына алғыс айтып, хат жазған. Бүгінде сержанттың бұл ерлігі ескеріліп, ол кішкентай Мәдинаны құтқарғаны үшін әскери бөлімде марапатқа ұсынылды.

Алтыншаш Құрмашева.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button