Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Сағыз ауылындағы балабақшаның құрылысы баяулап тұр

Парламент Сенатының депутаты Ғұмар Дүйсембаевтың ауданға сапары Сағыз ауылында салынып жатқан әлеуметтік нысандарды аралаудан басталды.

Балабақша құрылысы баяулап тұр

«Арал сервис» ЖШС қолға алған 424 орындық орта мектептің құрылысы аяқталуға таяу. Ал, керісінше 290 орындық балабақшаның жұмысы баяу жүруде. Оның жұмысына көңілі толмаған сенатор мердігер мекеме өкілдеріне құрылыстың сапалы салынып, мерзімінде тапсырылуы тиіс екендігін ескертті.

Аудан орталығындағы «Арман» мәдениет үйінде мәслихат депутаттарымен, ауылдық округ әкімдерімен, мекеме басшыларымен және ардагерлермен кездескен Ғұмар Дүйсембаев елімізде қабылданып жатқан жаңа заңдар, басқа да түйткілді мәселелер туралы кеңінен әңгімеледі. Сенатор «Миялы-Қарабау-Индер» тас жолы құрылысының тезірек аяқталуына ықпал етуін сұраған хат түскенін айтып, аталмыш жол құрылысына бөлінген қаржы жыл сайын игеріліп отырғанын, тиісті министрлік арқылы тікелей бақылауда екенін жеткізді.

Бауыржан БЕРДІҒАЛИЕВ

Қызылқоға ауданы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button