ЖаңалықтарҚоғам
Сақ болыңыз! Facebook желісі арқылы жаңа вирус таралып жатыр
Facebook әлеуметтік желісінде вирустың жаңа түрі таралып жатыр,-деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Достар» тізіміндегі вирус «жұққандардан» video_5286.mp4.7z секілді ұқсас мәтіндегі хабарлама келеді. Алдын ала мәлімет бойынша, вирус браузердің кеңеюіне зиян келтіреді. Вирустың таралып жатқаны Астана уақытымен кеше сағат 11:00-де белгілі болған.
Айта кетейік, сілтемені мүлде басуға болмайды. Өйткені Facebook аккаунтыңызға зиян келу қаупі бар.
Айдос Қарабала