Атырау халықаралық әуежайына Халық қаһарманы Хиуаз Доспанованың есімі берілді

photo 157522 Жаңалықтар

Atr.kz/20 наурыз, 2020 жыл. Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында аты аңызға айналған қанатты қыздың рухына ерекше құрмет көрсетіліп отыр.


«Алты министрліктен алынған рұқсат бар. Нәтижесінде республикалық ономастикалық комиссия Атырау халықаралық әуежайына қазақтың батыр қызы Хиуаз Доспанованың есімін беру үшін ресми шешім қабылдады» деді Атырау облыстық тілдерді дамыту басқармасы ономастика бөлімінің басшысы Жеміс Дияшева.


Еске сала кетелік, өткен жылы ғана Атырау халықаралық әуежайы алдына даңқты батыр Хиуаз Доспанованың ескерткіші тұрғызылған болатын.

snimok 6


Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері, ұшқыш, штурман-атқыш, Халық қаһарманы Хиуаз Қайырқызы Доспанова Атырау облысының тумасы.

Батыр қыз қызмет еткен полк Солтүстік Кавказ, Кубань, Қырым, Украина, Беларусь, Польша, Германиядағы әуе шайқастарына қатысқан.

Тарихи деректерде қанатты қыздың қан сасыған майдан даласында 300-ден аса жауынгерлік операцияларды жеңіліссіз орындап, аса маңызды жау шебін талқандағаны айтылады.

slide1


Баян ЖАНҰЗАҚОВА

http://atr.kz/bez-rubriki/pandemiya-deregi-%d2%9bara%d2%93andyda-tirkeldi/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз