
ЖаңалықтарМәдениет
Сәуле Жанпейісованың шығармашылық кеші өтеді
Атырауда 28 наурыз күні сағат 16.00 деҚұрманғазы атындағы мәдениет сарайында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты, филология ғылымдарының кандидаты, әнші Сәуле Жанпейісованың «БҰЛБҰЛ ДӘУРЕН» атты ән кеші өтеді.
Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен, облыстық Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен Академиялық Дина Нұпейісова атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің ұйымдастыруымен өткізілетін шараға кіру тегін.
Ән кешіне Қазақстанның белгілі өнер шеберлері және әншінің шәкірттері қатысады.
Хорлан СМАДИЯР