Жарнама
Жаңалықтар

Сәтбаев көшесі ме, әлде Сәтпаев даңғылы ма?

Атырау қаласындағы орталық көшелер, сөз жоқ, көздің жауын алады. Соның ішінде «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы, Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясы, ТШО кеңсесі мен бірнеше қаржылық құрылым және әлеуметтік-мәдени нысандар орналасқан Қ. Сәтбаев даңғылы қалалықтар мен оның қонақтарының көп қыдыратын орталығы.

сатбаев дангылы

Әйтсе де, халқымыздың осы абзал азаматының есімі Атырауда дұрыс аталып жүр ме?  Мәселен, №№20 және 22 үйлердің маңдайшасына «Қаныш Сәтбаев көшесі» деп жазылған. Ал, №36 үйдің жанында «К.Сәтпаев даңғылы» деген тақтайша ілінген. Енді №36 «а» үйдің қабырғасына көз жүгіртіңізші: мұнда «К.Сәтпаев көшесі» делінген. Ал, қайсысына сенесіз, қадірменді оқырман? Қазақ тілінің үндестік заңы мен грамматикалық қателігі жөнінде пікір айтуды ғалымдар мен мамандарға қалдырдық.

сатбаев кошеси ма

Енді 2000 жылы Алматы қаласындағы «Атамұра» баспасынан жарық көрген Атырау облысының энциклопедиясына назар аударалықшы. Жылнаманың 336-бетінде «Сәтбаев Қаныш Имантайұлы – қоғам қайраткері, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор» деп тайға таңба басқандай жазылған. Бұдан артық тағы қандай дәлел керек?

Оның үстіне, 2000 жылы Елбасымыздың қатысуымен Атырауда Қаныш Имантайұлына ескерткіш ашылды. Мұнда да академик Сәтбаевтың есімі мен тегі дұрыс жазылған. Куртин тасынан жасалған ескерткішке жылына бір рет, Геологтар күнінде гүл шоқтары қойылады. Ал, атақты азаматымыздың атының шаһарда әртүрлі жазылуын кім, қашан түзер екен?

Эльнара ОРАЛОВА,

Құралай ТАҒАНОВА,

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің 4 курс студенттері.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button