Жарнама
ЖаңалықтарМедицина

Құс тұмауынан қалай қорғанамыз?

Әлем елдерінде қарқынды өріс алған құс тұмауы қауіпті жағдай туғызып отыр. Вирустың Н5 N1 түрі адамдарды да қатерлі дертке шалдықтыру мүмкін. Демек, індеттің өршуіне не себеп және одан сақтанудың жолдары қандай? Осы тектес сауалдарға Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің облыстық аумақтық инспекциясы, биологиялық қауіпсіздік бөлімінің бас маманы Жасұлан Сұлтанғалиев жауап берді.

470e13e311431ed603feafd42ac34589_L

Жасұлан Мүтиғоллаұлы, вирус қандай ортада өрістейді?

— Құс тұмауы инфекция жұқтырылған аумақта үш ай бойына тіршілік етуі мүмкін. Тіпті, оның 1 грамы 1 млн. құсқа инфекция жұқтыруға жеткілікті. Вирусқа формалин және йод қосындылары тәрізді залалсыздандыру құралдары әсер етеді. Тек 560С температурада үш сағат қыздырса ғана өледі. Егер су температурасы 220С болса – 5, ал,  00С болса 30 күннен астам тіршілік етеді.

— Бұл тұмаудың клиникалық белгілерін қалай анықтауға болады?

Аурудың жасырын кезеңі бір-бес күнге созылады. Жедел науқастанған жағдайда (А1 тұмауы) құстар селсоқ тартып, булығып, аузынан жіп секілді созылған сілекей ағады. Көздің дәнекер қабығы қабынып, қызуы көтеріліп (44°С дейін), іші өтеді. Бастың, мойын кеудесінің тері асты клетчаткасы мен көмекейі ісіп, кілегей қабықтар, айдары, сырғасы көгілдір тартады. Жүйке жүйесінің зақымданғаны байқалады: аяғын шатқаяқтап басып, бұлшық еттері тартылады. Жүре алмай қалады. Ауырған құстардың 70-100%  өледі. Өкінішке орай, оны емдеу әдістері жоқ.

Жоғары патогенді құс тұмауы вирустары адамдарға сирек жұғады. Алайда,  1997-1999, 2003-2005 және 2006 жылдардың басында дертке шалдығу деректері кездесті. Вирусы дұрыс өңделмеген құс етін жегенде науқастануы мүмкін. Осы уақытқа дейін дерттің адамнан адамға нақты жұқтырған жағдайы тіркелмеген.

Жалпы, тұмаудан ерекшелігі сол, дене қызуы көтеріліп, тыныс алу қиындайды, жөтел күшейіп, бұлшық еттер ауырады, жалпы, улану көріністері байқалады. Өкпені, жүректі және бауырды зақымдау түріндегі күрделі асқынулар өте қауіпті, бұлар өлімге әкелуі мүмкін.

Десек те, «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген халық нақылы бар ғой. Құс тұмауынан қалай қорғанған жөн?

Айтуыңыз орынды. Ең алдымен, инфекция жұқтырған құстардың бәрі жойылып, өлекселерін нормативтерге сәйкес құрту керек. Шаруашылыққа карантин енгізіп, құс фермаларын және басқа мекендерін мұқият залалсыздандыру қажет. Ел ішінде тірі құсты тасымалдауды шектеген жөн. Тамаққа қолданар алдында құс етін мұқият ыстап, өңдеу де маңызды. Жеке бас  және қоғамдық гигиенаны сақтап, дәрумендерге бай тағамдар түрлерін қолданған абзал. Ауру белгілері байқалған жағдайда дереу медицина қызметкерлерінің көмегіне жүгінген дұрыс. Ескерте кететін жайт бар, «Ветеринария туралы» заңына сәйкес, облыс аумағында құс шаруашылығымен айналысатын жеке және заңды тұлғалар жыл сайын міндетті түрде құс тұмауына қарсы екпе жұмыстарын жүргізуі тиіс.

Айбөпе Сабырова

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button