Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Рой Джонс Головкинге қандай кеңес берді?

Бес салмақ дәрежесі бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы кіші Рой Джонс көпшіліктің алдында ерекше сыйлы болуы үшін Головкинге не істеу керектігі туралы кеңес берді деп хабарлайды Vesti.kz.

29117550

«Кейде керемет сыйға ие болуы үшін ерекше дүниелерді істеу керек. Егер мен кезінде орта салмақта немесе бірінші орта салмақта қала бергенімде әлемдегі үздік деген 10 немесе 5 боксшының қатарына қосыла алмайтын едім. Мен ауыр салмаққа әлемдегі үздік боксшылардың қатарына қосылу үшін және өзімді қаншалықты мықты екенімді дәлелдеу үшін ауыстым.

 Бірақ Головкинге менің істегенімді істе деп айтпаймын. Бокс әлемінде ерекше құрметке ие болуы үшін ерекше әрекеттерге баруы керек. Головкин мұны жасай алмайды деп те ойламаймын. Дегенмен салмақ ауыстырып көргені де дұрыс болар», — дейді Джонс Fight Hub TV арнасына берген сұхбатында.

Бұған дейін әлемнің бұрынғы чемпионы орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (36-0, 33 КО) америкалық Дэниэл Джейкосбпен өткізетін кездесуі туралы ойын да ортаға салды. Оның айтуынша, алдағы кездесу Джейкобс үшін қиын болады екен.

Еске салайық, Головкин 18 наурызда Нью-Йорк қаласасында Madison Square Garden аренасында америкалық боксшы Дэниэл Джейкобспен (32-1-0, 29 КО) жұдырықтасатын болады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button