Жарнама
Жаңалықтар

Құрметті аналар! Аяулы арулар!

Баршаңызды көктемнің шуақты да, нұрлы мерекесі – 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!

открытка-8-марта-17-399x245

Ұлы Даламыздың  ұлағатты ұрпақтары әр уақытта анасын аялаған, қыздарын қадірлеген. Бұл – мейірбан жүректі, ізгі тілекті халқымыздың әрқашан қасиет тұтатын ұлағатты тәр-     биесінің шынайы көрінісі.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қоғамның даму барысын өмірде – нәзік, көңілде – биік, істе мығым әйелдер қауымынсыз көзге елестету мүмкін емес» деген керемет сөзі бар. Расымен де, қоғамның барлық саласында да ер-азаматтармен бірге иық тірестіріп еңбек етіп, қайраткерлік танытып жүрген Сіздердің  еңбектеріңіз ерен ерлікпен пара-пар.

«Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен» олар қашан да қоғамның қозғаушы күші, ұрпақ жалғастырушысы болып келеді. Тәуелсіздік  жылдарында елімізде перзент сүю көрсет-кішінің 60 пайызға дейін артуы – айрықша атап айтуға тұрарлық демографиялық жетістік.

Ғалымды да, ақынды да, батырды  да өмірге әкеліп, тағылымды тәрбие беретін аналарымыз – тұтас ұлттың киесі. Ұлтымыздың асыл қасиеттерін көздің қарашығындай сақтайтын аяулы аруларымыз әркез ең жоғарғы құрметке лайық.

Жер бетіндегі асыл қасиет күннің нұры мен ананың ақ сүтінен жаралған. Бүгінгі көктем мерекесінде әйелдер қауымына ең ізгі тілектерді жолдаймын. Сіздерге мықты денсаулық,  құтты жақсылық және әйел бақытын, шаңырақ шаттығын  тілеймін.

Құрметпен,

Атырау облысының әкімі

Нұрлан НОҒАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button