Жаңалықтар
Құрметті қаламыздың тұрғындары мен қонақтары!
Тәуелсіз еліміздің мұнайлы астанасы атанған Атырау қаласы жыл өткен сайын дамып, келбеттеніп келеді. Бүгінгі Атырау қаласы – еліміздің «Батыс қақпасына» айналды.
Алдағы уақытта да қаламыздың келбетін одан сайын көріктендіріп, келбеттендіру бағытындағы көптеген жоспарлар бар.
Солардың бірі – Атырау қаласына кіретін 4 бағытқа архитектуралық нысандар орнату.
Осы мақсатта, туған өлкеміздің келбетін арттыруға бағытталған Өздеріңіздің парасатты пікірлеріңіз бен ұнамды ұсыныстарыңызды біздің аккаунтымызға (Акимат Города Атырау) фейсбугіне жолдауларыңыз сұралады.
Игілікті істерге бастамашы болып, өз елін, туған жері мен қаласына белсенді жанашырлық таныту – әрбір азаматтың парызы !
Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі