Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Құрманғазы ауданында көпір құрылысы аяқталады

Облыстық маңызы бар «Индер – Қарабау – Миялы — Сағыз» автокөлік жолының құрылысы жалғасады. Бұл туралы есеп беру жиынында мәлімдеген облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Қарабау — Миялы аралығын жаңғырту жалғасатынын айтты.

мост

Сонымен бірге, Махамбет ауданында салынып жатқан көпір құрылысы жалғасуда. «Махамбет селосында салынып жатқан көпір Жайық өзені арқылы өтеді. Ұзындығы 660 метр. Бұдан бөлек, Индер ауданының 4 ауылында кірме және ауылішілік жолдары, Мақат ауданының Доссор кентіндегі кентішілік жол, Құрманғазы ауданының Жұмекен ауылында, Жылыой ауданының Шоқпартоғай ауылындағы кірме жолдарды күрделі жөндеу аяқталды» деп атап өтті облыс басшысы Нұрлан Ноғаев.

Және бір жаңалық, Құрманғазы ауданының Ягодная, Тухлое, Көнеу өзендері арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірлерінің құрылысы биыл аяқталады. Мақат ауданы, Доссор кентіндегі ұзындығы 5 шақырым ауылішілік және айналма жолдарды қайта жаңғырту жұмыстары басталады.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button