Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Құрманғазы ауданы: Жарты жылдық жетістік

Алты ай мерзімді артқа тастаған тұста, облыс көлемінде атқарылған жұмыстар, межелі  жоспарлар жайы талқыға салынары анық. «Атырау» газеті аудандардың жарты жылдағы ахуалы жайлы мәлімет беруді жөн көрді. Бүгін төскейінде төрт түлік өргізіп, су маржанын сүзуді атакәсіпке айналдырған, Ресеймен қоңсы қонған құт өлке – Құрманғазы ауданының жетістігіне назар аударыңыз.

????????????????????????????????????

Тоқсан жылдық тарихы бар байырғы аудан – 59 мыңнан астам тұрғынның құтты мекені. Жер көлемі 20,8 мың шақырымды алып жатқан өңірде 19 ауылдық округ, 49 елдімекен орналасқан.

Жоспарлы жұмыс нәтижесінде барлық сала бойынша биылғы алты айда өсім байқалады. Аталған ауданда мал шаруашылығы, балық аулау сынды атакәсіптердің кең қанат жаюына мол мүмкіндік жасалған.

Ауыл шаруашылығы саласы бойынша жүзеге асырылған жаңа жобалар өңірдің даму көрсеткішін жақсартып қана қоймай, жұмыс орындарының ашылып, жергілікті тұрғындардың еңбекке тартылуына жағдай жасап отыр. Мәселен, «Береке-2» сүт өнімдерін өңдейтін ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі 7 адамды жұмыспен қамтыса, «Дыңғызыл-2» мал өсіретін және бордақылайтын ауылшаруашылығы кооперативі 45 адамды қызметке алып отыр. Бұдан басқа, «Құрманғазы сервистік дайындау орталығы» өндірістік кооперативін құру жұмысы жүргізілуде.

????????????????????????????????????

Аудандағы балық шаруашылығымен айналысатын табиғат пайдаланушылар:

«Каспий-Балық» ӨК

«Ақсу-Қиғаш» ЖШС

«Каспий таңы» ӨК

«Ш.Сүлейменов» ЖШС

«Е.Сарсенбаев» ШҚ

«Амангелді» ӨК

«Тілекші» ЖШС

Аудандағы табиғат пайдаланушыларға биыл 3905 тонна балық аулау лимиті бөлініп, күні бүгінге 1605 тонна балық ауланып, жылдық лимит 41 пайызға орындалды.

Ауыл кәсіпкерлігіне – айрықша назар. Бұл – мемлекет ұстанымының негізгі бағыттарының бірі. Осы мәселе де аталмыш ауданда кең көрініс тауып отыр. Қазіргі таңда «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы ауылдық жерлердегі кәсіпкерлерлікті дамыту мақсатында 9 жоба несиелендірілген. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында үш жоба өңірлік конкурстық комиссияда қаралуда.

Жыл басынан бері бес шағын кәсіпкерлік нысан ашылған. Олар 293,6 ш/м бір сауда үйі, 788,3 ш/м бір бизнес орталық, 162,1 ш/м  үш дүкен пайдалануға беріліп, жұмыстарын бастады.

45 елді мекен орталықтанды-рылған ауыз сумен қамтылған – (87,7%);

Төрт елді мекен ауыз сумен қамтылмаған – (12,3%) (Қошалақ, Алипов, Асан, Үштаған).

????????????????????????????????????

Аудан елді мекендерінің табиғи газбен қамтылу үлесі:

77,5% (38 елді мекен);

Табиғи газбен қамтылмаған елді мекендер үлесі;

22,5% (Азғыр өңіріндегі 11 елді мекен).

Азғыр өңірін газдандыру жұмыстарының жобалау-сметалық құжаттамасы 2015 жылы жасақталған.

Газ құбырының жалпы ұзындығы – 365 шақырым.

Жалпы жобалық құны – 9,9 млрд. теңге.

Қазіргі уақытта «NCOC» компаниясы арқылы құрылыс жұмыстары басталды, аяқталу мерзімі – 2019 жыл.

Қазіргі таңда Жалғызапан-Сүйіндік бағытына 25 шақырым,

Асан-Үштаған бағытына 30 шақырым газ құбыры тартылды.

Ақкөл-Асан-Сүйіндік бағытына 265 км. газ құбырын тарту жоспарланған.

Газ құбырының құрылысы аяқталғаннан кейін Азғыр өңірі елді мекендеріне табиғи газды «ИнтерГазОрталықАзияның» Атырау филиалы Ақкөл желілік өндірістік басқармасы арқылы беру көзделуде.

2017 жылы Киров ауылдық округіне қарасты Дәшін елді мекеніне кірме және ауылішілік автомобиль жолдарының күрделі жөндеу жұмыстарына, Нұржау, Орлы елді мекендерінің кірме және ауылішілік автомобиль жолдарына қажетті қаражат бөлініп, мердігер мекеме анықталған. Қазіргі таңда жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталып, мемлекеттік сараптамаға жолданды.

Құрылысы 2017 жылы басталған аудандық маңызы бар «Котяевка-Шортанбай» автомобиль  жолының күрделі жөндеу жұмыстарына, «Жасталап-Жыланды» автомобиль жолының жаңғырту жұмыстарына да қаражат бөлініп, жұмыстар жүргізілуде.

Автомобиль жолының жалпы ұзындығы – 611 шақырым

Оның  ішінде:

95 шақырым – республикалық маңызы бар автомобиль жолы;

330 шақырым – облыстық;

186 шақырым – аудандық маңызы бар автомобиль жолы.

 

Дайындаған: Гүлжан ӘМІРОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button