Жаңалықтар
Әріптеске – ақ тілек
Ерболат Қаменов «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамы Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Бұған дейін бұл қызметті белгілі журналист Жандос Бәделұлы атқарған болатын.
Ерболат Тілекқабылұлы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін бітірген. Ол республикалық «Алтын Орда» газетінде еңбек жолын бастады. Кейін «Астана ақшамы» газетінің директор-бас редакторы, «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесінің жетекші сарапшысы болды.
Осы қызметке тағайындалғанға дейін «Атырау-Ақпарат» ЖШС директоры лауазымын атқарды.
Әріптесімізге жаңа қызметінде шығармашылық табыс тілейміз!