Жарнама
Жаңалықтар

Өрімдей жастың өлімінің себебі неде?

Былтыр 17 жастағы жасөспірім өз үйінде асылып, өмірімен қош айтысты. Қаршадай қыздың осындай жағдайға баруының себебін туған-туысқандары түсіндіре алмады. Алайда, құрбысы оның үнемі суицид туралы әңгімелейтінін айтқан. Тергеу-тексеру жұмыстары кезінде бұған дейін де өз қолын кескендігі белгілі болды. Ғұмырының соңғы күндерінде ғаламтор бетшелерінен «Менің өзіме қол жұмсауыма дейінгі 50 күн» атты жинақ оқып жүргендігі анықталған. «Көк кит» ойынының да қоғамды біраз шулатқаны әлі ұмытыла қойған жоқ. Әлемді жайлаған осындай «дертпен» күресте нені ескермей қалдық?

__м¦рден т____¦лме __р¦мтал

*Сіз не дейсіз?

 

ӘРБІР БЕСІНШІСІ СУИЦИДКЕ БЕЙІМ

Эльмира НАСЕНОВА,

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы құқықтық

статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті облыстық

басқармасының аға прокуроры:

– Өткен жылы өңірде суицид бойынша 233 сотқа дейінгі тергеу-тексеру дерегі тіркелді. Оның ішінде 91-і өмірімен қош айтысып үлгерген. Есепті мерзіммен салыстырғанда, бұл көрсеткіш 99 пайызға өскен. Әсіресе, өсім Атырау қаласы, Жылыой, Махамбет, Индер аудандарында байқалады. Бұрын көбіне көп мұндай жағдайларға ер-азаматтар баратын болса, соңғы уақытта нәзікжандылардың үлесі артып отыр. Кәмелетке толмағандар арасында 22 дерек тіркелген. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, әрбір бесінші жас суицидке қадам жасайды. Көп ретте бұл жастағылар өздерінің осы іс-әрекеті туралы ескерту жасап отырады. Ата-анасына білдірмегенімен, жақын досымен немесе туысымен құпиясымен бөліседі. Егер осы кезде оның жан дүниесін түсініп, қол ұшын созса, мүмкін осындай қадамға бармас еді.

Баланы жастайынан баулып, бос жүруіне жол бермей, отбасындағы түрлі проблемалық мәселелерге араластырып, ортақ мүдде үшін жауапкершілікке тәрбиелеу керек. Оны ортасында тек ұрысу, ұялту арқылы жәбірлемей, өмірді бағалай білуге үйретіп өсірсе, мұндай қайғылы жағдайға тап болмасымыз кәміл.

Мектептерде оқушыларға тек білім беріп қана қоймай, мешіт имамдары мен құқық қорғау органдарының қатысуымен түсіндіру шараларын тиісті деңгейде өткізу де оң әсерін тигізер еді. Күйзеліске түскен жандарды ақысыз емдеу орталықтарын көптеп ашу  қажеттігі  туындап отыр.

 

Пәле қайдан шығады?

Гүлайна ИМАНӘЛИЕВА, Атырау гуманитарлық

колледжінің қызметкері:

– Несін жасырамыз, күнделікті күйбең тіршіліктің қамымен баланың оқуына ғана мән береміз, бірақ, оның қандай ортада жүргенін қадағаламаймыз. «Достары кім?», «сырттағы мінез-құлқы қалай?» деген сауалға жауап таба алмай қаламыз. Ал, қазір тілі шықпаған бүлдіршін ұялы телефоннан ғаламтор арқылы неше түрлі бейнежазбаларға телміреді де отырады. Оның тәрбиелік мәні бар ма, жоқ па, оған ешкім бас қатырмайды. Түптеп келгенде, пәленің бәрі осыдан шығады.

Бала болса,  біздің көңіл бөлгенімізді қалайды. Бірге ойнап, бос уақытын ата-анасымен бірге өткізуді армандайды. Мазалап жүрген ойларымен бөліскісі келеді. Мейірімге бөленіп өскен бала ғана ешқашан қатыгез болмайтынын білсек те, оған көз жұма қараймыз.

Бүгінгі таңда жастардың  ойлау қабілеті ерекше. Сондықтан оларға қояр талап та басқаша. Бірақ, кейде «артық қыламыз деп тыртық қылмаймыз ба?» деген сұрақ мазалайды.

 

Әлеуметтік желіге телмірмесін…

Нәсіп ҚУАНОВА, психолог:

  • Баланың мінезінде ауытқушылық пайда болған жағдайда ұялы телефоннан алшақтатып, ой еңбегіне араластыру керек. Әрине, қазіргі кезде ол негізгі байланыс құралына айналды ғой. Алайда, есепсіз таңнан кешке дейін «ватсапта» отыру дұрыс емес. Бірден болмағанмен, бірте-бірте баланы одан алшақтатқан жөн болар еді. Ата-аналардың қадағалауымен спорт, өнер секілді қосымша дәрістерге қатыстырғанның пайдасы мол. Сонда бос уақытын тиімді жұмсайды.
  • S: «Apple»-дың негізін қалаушы Стив Джобстың өзі балаларының ұялы телефон пайдалану уақытын шектеп, күніне «Айфонды» бір сағат қана қолдануға мүмкіндік беріпті. Әйгілі кәсіпкердің неліктен бұл қадамға барғанын аңғару қиын болмас. Қазір оқу жылы аяқталып, білім деңгейі анықталып, сараланған шақ. Сол тұста да өз-өзіне қол жұмсау фактілері орын алатыны жасырын емес. Ендеше, тоғыз ай құрсағыңызда көтеріп, өмірге әкелген сәбиіңізге көңіл бөліп, онымен ұдайы сырласып, тілдескеніңіз жөн. Сіз қалай ойлайсыз?

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button