
Резерваттағы терең ошақтарды анықтауда тепловизорлы дрон қолданылуда
«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты аумағындағы өрт ошақтарын оқшаулау және жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында тепловизормен жабдықталған арнайы дрон қолданылуда.

Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, тепловизор инфрақызыл түсірілім арқылы көзге көрінбейтін, температурасы жоғары учаскелерді, соның ішінде бықсып жанып жатқан терең шымтезек қабаттарын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл визуалды бақылау жасалынбайтын, жету қиын учаскелерді бақылауда аса маңызды.

Тепловизорлы дронды пайдалану:
• көзге көрінбейтін ошақтарды жедел анықтауға;
• жоғары температурадағы аймақтарды нақты белгілеуге;
• күш пен ресурсты нақты бағыттауға;
• өрттің қайта тұтануының алдын алуға көмектеседі.
Бықсып жанған қабаттарды анықтау және оны сөндіру жұмыстары тәулік бойы жалғасуда.