ЖаңалықтарҚұқық
Рейд жүргізу – Универсиадаға байланысты
Бұл туралы ҚР Ішкі істер Министрлігі Көші-қон полиция Департаментінің бастығы Серік Саинов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.
«Тұрғылықты мекенжай бойынша арнайы тексерістер жүргізілмейді. Аталмыш тексеріс Алматыда Универсиаданы өткізуге дайындыққа қатысты жедел-алдын алу іс-шаралар аясында ғана жүргізілді. Бұл шара тіркеуге байланысты емес.
Біз үшін Универсиаданы жүргізу халықаралық маңызы бар іс-шара және жалпы әлемдік тәжірибе болып табылады.
«Басқа аймақтарда бірде-бір тексеріс жүргізілмеген. Және де үстіміздегі жылдың наурыз айының ортасына дейін құқық қорғау органдарының қызметкерлері қоғамдық орындарда адамдарды тоқтатып, тексеріп, тіркеу қағазын талап етпейді,-деді С.Саинов.