Республикалық «Жомарт жүрек» сыйлығы – 2021: 25 қазанда қатысушыларға онлайн дауыс беру басталады
Ел көлемінде өтіп жатқан байқауға мұнайлы өңірден де бір топ қайырымды, жомарт жандар қатысуда.
Атырау облысынан ұсынылған жомарт жандарды, белсенді азаматтарды, үздік ұжымды қолдауға шақырамыз.
Төменде көрсетілген сілтеме бойынша дауыс беруге шақырамыз.
Атырау облысы бойынша 2021 жылғы «Жомарт жүрек» сыйлығының иегерлері:
№ | Облыс атауы | «Жыл меценаты» | «Жыл тұлғасы» | «Туған өлке» | «Жылдың үздік ұйымы» | «Жылдың үздік қамқоршысы» |
1 | Атырау облысы | Розметов Владимир Федорович «АтырауАгроӨнімдері» шаруа қожалығының басшысы, «Сүйіндік мал шаруашылығы» ЖШС, «Жасқайрат малшарушылығы»АҚ кәсіпорнының құрылтайшысы | Досқалиева Әйгерім Жәрдемқызы «Жүректен жүрекке» қоғамдық қорының жетекшісі | «Атамекен Эко» қоғамдық қоры – директоры Хайруллин Арман Ғабидоллаұлы | «Эко-Техникс» ЖШС, директоры Титов Михаил Андреевич | Алипов Ибрагим Аманбайұлы – «Жайық Бетон Констракш» ЖШС, «Bastau Constructio» ЖШС, «Каспий-Экспо». ЖШС директоры |
«Жомарт жүрек» сыйлығының номинанттарына онлайн-дауыс беру 25-29 қазан күндері https://ruh.kz сайты арқылы жүргізіледі.
«Жомарт жүрек» сыйлығының лауреттарын республикалық деңгейдегі салтанатты марапаттау рәсімі ағымдағы жылғы 16 қараша күні өтеді.
Айта кетейік, «Жомарт жүрек» — бұл қайырымдылық саласындағы маңызды қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды анықтау, тану және көтермелеу үшін өткізілетін жыл сайынғы қайырымдылық сыйлығы.
Аталған сыйлық Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен Қазақстанда қайырымдылық қызметін дамытуға елеулі үлес қосқан Қайырымдылық жасаушыларды іздестіру және көтермелеу, оларға қоғамдық назар аудару мақсатында тағайындалған.