Жарнама
Жаңалықтар

Республикалық «CAD skills» жолдастық чемпионаты басталды

Атырауда “Жұмысшы мамандықтар жылы” аясында алғаш рет “Инженерлік графика CAD” құзыреттілігі бойынша республикалық “CAD skills” чемпионаты өтуде, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Сайыс барысында қатысушыларға нақты өндірістік тапсырмалар ұсынылып, оларды орындау арқылы өздерінің практикалық дағдыларын жетілдіреді. Бұл үдеріс жас мамандар үшін болашақ кәсіби жолындағы бағалы тәжірибе болмақ.

— Чемпионатқа қатысушылар 11 облыстан жиналды. Іс-шараның басты мақсаты — WorldSkills қозғалысын дамыту, оны жастар арасында кеңінен насихаттау және оларды алдағы «Turkish Skills» чемпионатына дайындау. Барлық қатысушыға сәттілік тілеймін, — деді «Talap» КЕАҚ кеңесшісі Әсима Бимендина.

Сайыс 2-5 маусым аралығына ұйымдастырылған. Қатысушылар 3D модельдеу арқылы механикалық құрастыру, механикалық конструкциялау және физикалық объектіні кері модельдеу бағыттары бойынша өзара бақ сынайды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button