Мирас ықшамауданында 165 орындық жаңа балабақша ашылды

WhatsApp Image 2018 01 10 at 10.07.15 Жаңалықтар

Геолог ауылдық округіне қарасты Мирас ықшамауданында жаңа балабақша ашылды,-деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

WhatsApp Image 2018-01-10 at 10.07.15

«Нұрәлем» бөбекжай-балабақшасында бүлдіршіндердің жас ерекшеліктеріне сәйкес арнайы жеті топ ашылған. Олардың әрқайсысында 20-25 бала тәрбиеленеді. Балабақшаға бүлдіршіндерді 2 жастан бастап қабылдайды.

WhatsApp Image 2018-01-10 at 10.07.14

«Бізде тәжірибелі және жас мамандар жұмыс істейді. Сонымен қатар, арнайы психолог кабинеті қарастырылған. Бүлдіршіндеріміз қазақ, орыс және ағылшын тілдерін толық меңгереді. Балалар үшін барлық қолайлы жағдайлар жасалған»,-дейді «Нұрәлем» балабақшасының жетекшісі Гаухар Төлегенова.

WhatsApp Image 2018-01-10 at 10.07.12

Бүгінгі күні қалада 7 800 бала балабақша кезегінде тұр. Өткен жылы Атырау қаласында және қала маңындағы елді мекендерде үш балабақша пайдалануға берілген еді. Сонымен қатар, Атырауда мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында 20 балабақшаның құрылысына жобалық-сметалық құжаттар дайындалады. Осылайша, жақын арада қалалық және ауылдық округтерде мектепке дейінгі мекемелердің жетіспеушілігі мәселесі толығымен шешіледі деп күтілуде.

Айқара Ғұмар

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз