Жаңалықтар
Республика күніне орай түзету мекемесінде спорттық шара ұйымдастырылды
Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №15 мекемесінде жазасын өтеп жатырған сотталған азаматтар арасында өткен шарада мекемедегі жазасын өтеушілер жеңілатлетикалық спорттың бірнеше түрінен сынға түсіп, өзара шын мықтыны анықтады.
Сайыс барысында жазасын өтеуші азаматтар кіші футболдан, кір тасын көтеруден бақ сынасты. Тартысты өткен додаға әрбір жазасын өтеуші белсене қатысты.
– Бұл спорттық шара арнайы контингентке мерекелік көңіл-күй сыйлау және олардың қоғаммен байланысын нығайту әрі еліміздің патриоты болуға үндеу мақсатында жүзеге асып отыр, — деді №15 мекемесінің САТЖжӘП бөлімінің жасақ бастығы әділет аға лейтенанты А.Мақсот.
Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ