Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...БЕЙНЕЖАЗБАЖаңалықтар

Ресейлік ​ дәрігерлер қазақстандық медиктер коронавирусқа шалдыққандарды дұрыс емдемеген деген ақпаратты жоққа шығарды (+ВИДЕО)

Atr.kz / 17 шілде, 2020 жыл. «Бұл туралы Атырау облыстық ауруханасының провизорлық стационарында науқастарды емдеумен айналысып жатқан ресейлік дәрігер Вероника Богомазова айтты» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

https://youtu.be/CwBhQmcLoVI

«Қазақстандық ​ дәрігерлер мен ресейлік дәрігерлердің емдеу тактикасы бірдей. Менімен бірге келген ресейлік дәрігерлердің бірде біреуі Қазақстандағы емдеу тактикасы дұрыс емес деген мәлімдеме жасаған жоқ. Әрине, айырмашылықтар болады. Бірақ, негізгі терапия біздің хаттамамызға сәйкес келеді. Сондықтан, оны жаңсақ ақпарат деп ойлаймын. Мәскеуден келген дәрігерлер ондай пікірде емес» деді Ресей Федерациясының Мәскеу маңындағы Королева қаласынан ​ келген дәрігер​ Вероника Богомазова.

Еске сала кетелік, қазіргі уақытта Атырауда Ресей елінің Мәскеу қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына уақытша сапармен келген 6 дәрігер және Астрахань облысынан келген 5 дәрігер инфекциондық, провизорлық стационарларда еңбек етіп жатыр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button