Жарнама
Жаңалықтар

Ресейге жер беріліп жатқан жоқ: Көптоғайдағы шекара қоршауын жылжыту уақытша тоқтатылады

Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Атырау облысы бойынша департаментінің өкілі Ардақ Әмірғалиев «Каспиан лайф» сайтына берген сұхбатында мәлімдеді.

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Көптоғай ауылында орын алып жатқан жағдайға түсінік берген шекара қызметінің мәлімдеуінше, Қиғаш жағалауында  1995- 1996 жылы уақытша тұрғызылған шекаралық қоршауды ығыстыру мәселесі жергілікті тұрғындар арасында түсініспеушілік тудырған. Әңгіме 2005 жылғы 18 қаңтарда Мәскеуде қол қойылған “Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы келісіміне” байланысты туындап отыр.

 «Демаркация бір жылда бітпейтін ұзақ мерзімді процесс, қазіргі таңда ол жұмыстар аяқталған жоқ. Демаркация кезінде өткен жылы қазақстандық және ресейлік жұмыс тобы 1995- 1996 жылы уақытша тұрғызылған шекаралық қоршаудың Ресей Федерациясына тиесілі территорияда орналасқанын анықтаған еді.

Қоршаудың шамамен ұзындығы 1500 метр, тереңдігі 10-70 метр аралығында (жарты арал іспетті). 2005 жылғы 18 қаңтардағы екі ел арасындағы келісімге сәйкес, қоршау тиесілі орында орнатылуы үшін, оны қазақстандық территорияға қарай ығыстыру қажет. Қазақстандық шекарашылар күні бүгінге дейін осы мәселемен айналысып келді.

Алайда, жергілікті тұрғындар жағдайды басқаша қабылдап, шекарашылар орнатып жатқан қоршауға қарсылық білдіріп отыр.  Ардақ Әмірғалиев атап өткеніндей, мәселе екі мемлекет арасында келісілген нормативтік құжатта көрсетілген қоршауға байланысты болып отыр. Және қоршау  ұзындығы 1500 метр учаскеге байланысты. Бұл жерде қазақстандық территорияны Ресейге беру деген мәселе жоқ» деп нақтылады спикер.

Оның үстіне, егер, аталған учаске шаруашылық немесе басқа мақсаттағы жер болса, демаркация процесінде мұндай мәселені екіжақты келісім арқылы шешуге болады. Халықаралық қатынастарда бұл кеңінен тараған тәжірибе,  ол үшін белгілі бір құқықтық процедураларды жүзеге асыру керек. Және ол мәселелер жергілікті атқарушы органдар (әкімдік), Үкімет, Сыртқы істер министрлігі арқылы шешіледі.

19 сәуірден бастап Көптоғай селосындағы учаскеде қоршауды ығыстыру жұмыстары жағдай реттелгенге дейін уақытша тоқтатылады.

whatsapp image 2021 04 18 at 14.22.47 750x375 1

Баян Жанұзақова

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button