Атырауда ерекше мұражай ашылды (+ФОТО)

img 20200821 wa0081 Жаңалықтар

Atr.kz/27 тамыз, 2020 жыл. Атырау мұнай өңдеу зауытында кәсіпорынның 75 жылдығына орай тарих және еңбек даңқының жаңарған мұражайы есігін айқара ашты.

Мұражай ғимараты барлық коммуникацияларды ауыстыра отырып, толығымен жаңартылды. Ең бастысы, мұнда заманауи залдардың дизайны, мультимедиялық жабдықтары бар жаңа экспозициялық кеңістік құрылды, ол интерактивті экскурсиялар, жаңартылған мазмұн мен экспонаттар өткізуге мүмкіндік береді.

Жаңартылған әрі кең ғимаратта экспозиция бөлімдерінің дәйектілігі сақталған: Ұлы Отан соғысы жылдарындағы зауыт құрылысынан бастап қазіргі заманға дейін.

Тарихи залда кәсіпорынның құрылған кезеңіне аса мән берілген. Көптеген мұрағаттағы материалдар соғыс жылдары мен зауыт қызметінің алғашқы жылдарына бағытталған. Арнайы ақпараттық стендтер сізге кәсіпорын тарихы мен жұмыс бағытының барлық кезеңдерін, еңбек жетістіктері мен алдыңғы жылдардағы жетістіктерді көруге мүмкіндік береді. LED экраны арқылы сіз зауытқа виртуалды экскурсия жасай аласыз, арнайы түсірілген деректі фильмдер қиын, бірақ керемет өткен күндер туралы баяндайды.

Қазіргі залда кәсіпорынды модернизациялау, өндіріс қауіпсіздігі, экологиялық және әлеуметтік жобалар туралы айтылады. Мұнда экскурсиялар интерактивті форматта да өткізу мүмкіндігі бар.
Тарихи және заманауи залдарда орнатылған электронды терминалдардың арқасында Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен зауыт еңбегі, АМӨЗ-де жүзеге асырылатын жобалар және әлеуметтік саясат туралы ақпарат алуға болады.

АМӨЗ экономикалық қызметінің ауқымы туралы елдермен ынтымақтастық бағыттары куәландырылған Жарық картасы жәнемен «зауыт өнімдері»стенді орналасқан.

Сурет галлереясында ерекше суреттер ілініп, сондай-ақ, мұнда болашақ ұрпаққа арналған және АМӨЗ-дің 100 жылдығына дейінгі уақыттың кері есебі бар капсула орнатылды.

– Өткенді біліп әрі құрметтеудің маңыздылығы орасан. Жаңартылған мұражайдың ашылуы – бұл АМӨЗ тек өндіріс, экономика туралы ғана емес, сонымен қатар рухани мазмұн, ұрпақтар сабақтастығы туралы да ойлайтындығының  тағы бір дәлелі. Мұражай аға әріптестердің тәжірибесін, дәстүрлерін, бастауларын сіңіруге мүмкіндік береді, – деп атап өтті ашылу салтанатында АМӨЗ бас директоры Шухрат Данбай.

img 20200821 wa0082
img 20200821 wa0080
img 20200821 wa0079

«АМӨЗ» ЖШС қоғаммен байланыс бөлімі

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз