0 4

Ресей Байқоңырдағы жабдықтың бір бөлігін Қазақстанға қайтаруды ұсынды

Жаңалықтар

atr.kz/8 қыркүйек, 2020 жыл Қазіргі кезде алаңның кейбір агрегатын, атап айтқанда жердегі кабель-арналарды Қазақстанға беру мәселесі туралы жұмыстар жүргізіліп жатыр.

 «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясы Байқоңыр ғарыш айлағында «Боран» орбиталық кемесі ұшырылған алаңның кейбір жабдығын Қазақстанға беруге ниетті. Бұл туралы Жердегі ғарыш инфрақұрылымы нысандарын пайдалану орталығы мәлімдеді деп хабарлайды Риа Новости.

«Байқоңыр ғарыш айлағының №110 алаңында «Энергия» зымыран-тасығышының ұшыру кешені орналасқан. Нысан Жердегі ғарыш инфрақұрылымы нысандарын пайдалану орталығы мекемесіне қарасты «Южный» ғарыш орталығының қарауында және оны осы орталық күзетеді. Қазір ол пайдаланудан шығарылды. Алаңда ешқандай жұмыс жүріп жатқан жоқ», – деп хабарлады орталықтың баспасөз қызметі.

Алаңның кейбір агрегатын, атап айтқанда жердегі кабель-арналарды Қазақстанға беру мәселесі туралы жұмыстар жүріп жатыр. Ұсыныс қазақстандық тарапқа жіберілді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған