Жарнама
БілімЖаңалықтар

Ректорлар форумында университеттердің келешегі талқыланды

Ресейдің Челябинск қаласында өтіп жатқан Ректорлар форумында жоғары оқу орындарының келешегі зерделенді. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры Виктор Садовничийдің айтуынша, бүгінгі таңда батыста университеттер болашағы қызу талқыланып жатыр.

ttLYR6XdFa4

«Зәулім ғимараттар қажет пе, әлде шағын кеңселерде қашықтықтан оқыту жүйесі маңыздырақ па? Осыны ескерген жөн»,-деді ол. «Мен студенттер арасында сауалнама жүргіздім. Олардың 67 пайызы дәстүрлі білім беру жүйесі қалады деп санаса, 33 пайызы алыстан оқыту енгізіледі деп есептейді екен. Демек, бұл мүмкіндікті де ескеруіміз керек».

Виктор Садовничий университет мамандары әлемдік ЖОО-лардың жаңа рейтингісі әзірленіп жатқандығынан xабардар қылды. Дүниежүзінің 500, Ресейдің 50 университетін анықтайтын рейтингтің қазірде зерттеу жұмыстары аяқталған. Оны құрастыру кезінде әлемдік үздіктерді белгілеуде қолданылатын критерийлер енгізілген.

«Иран, Индия, Жапония оқу орындарының ұстанымы өзгерген. Сондықтан біз университет ғалымдарының ғылыми мақалаларының басылымда жариялануын ғана емес, қоғам дамуына қосқан үлесі, оған әсерін бағаладық. Рейтинг жұмысына 35 xалықаралық сарапшы қатысты. Олардың қатарында, Ұлыбритания, АҚШ, Индия, Австралия мамандары бар»,-деді В. Садовничий.

Айта кетелік, ЖОО-лар рейтингін анықтауға Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті мұрындық болып отыр.

Айбөпе Сабырова

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button