Жаңалықтар
Референдум учаскесінде көрме-жәрмеңке өтуде
Атырау қаласындағы N31 мектеп-гимназиясында орналасқан N84 референдум учаскесінің алдында көрме-жәрмеңке ұйымдастырылды.
Бұл жолы оған “Ұршық” республикалық қоғамдық бірлестігінің ойыншықтары мен аяқ киім шебері Жәния Дощанованың қолынан шыққан өнімдер қойылыпты.
-Кеше қала күнінде бірнеше туындымыз сатылған болатын. Бұл аяқ киімдердің барлығы қолдан тоқылған. Оның табаны арнайы тапсырыспен сатып алынады. Қалғанын өзіміз тоқимыз,- дейді ол.
Айбөпе САБЫРОВА
Суретті түсірген автор