Жарнама
Жаңалықтар

Радиофобияның салдары қандай?

Соңғы жылдары мамандар атап өткендей, Қазақстандағы мобильді оператор станцияларының басым бөлігі радиофобияға байланысты қиындық көруде. Ал бұл өз кезегінде байланыс операторлары ұсынатын қызметтердің сапасына әсер етеді.

Бұл туралы kapital.kz мәлім етті. Аталған мәселе әсіресе мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар мен жеке ұйымдар қызметкерлерінің 80%-ы онлайн-форматта жұмыс жасаған пандемия кезінде өте өзекті болды. Радиофобия бүкіл әлемде ұялы байланыстың дамуына бұрыннан кедергі болды. Мұндай станциялар бойы тұрғын тұрғын үй кешендерімен көп жыл көршілес тұр, бірақ халық арасында ешқандай аурудың өршуіне себеп болған жоқ. Радиофобияның салдарынан ұялы байланыс операторлары станциялардың орнын өзгертуге мәжбүр болады.

Бұл сайып келгенде барлық байланыс тұтынушыларына қиындық тудырады. Сонымен қатар, радиофобтар (кез-келген электромагниттік сәуле бөлінуден қорқатын адамдар) ұялы құрылғыларды пайдалануды тоқтатпайды. Себебі, олардың денсаулығына негізгі зиянды көлемді сигнал тарататын құрылғылар келтіреді деп санайды. Ал, станциялар бөлшектелгеннен кейін сигналдың сапасы нашарлайды деп тағы ренжиді.

Сонымен қатар, кейбір жағдайларда антенналармен көршілес болудан бас тарту сигнал сапасының нашарлауына ғана емес, оның жоғалуына әкеледі. Ұялы байланыс операторларының базалық станцияларының адам денсаулығына нақты әсеріне келетін болсақ, ғалымдар ұзақ уақыт бойы дәлелдегендей, олар микротолқынды пештерге қарағанда зиянсыз.

Микротолқынды пеш шамамен 120 ватт радио сәуле шығарады, теледидардың қуаты кем дегенде 60 ватт, ал базалық станциядағы таратқыштың орташа қуаты шамамен 20-30 ватт, ал олардың максималды қуаты 46 ватт, өйткені телефонның сигналын алу үшін одан артық қажет емес. Айта кеткен жөн, радиофобия — бұл адамдардың электромагниттік сәулелерден, әсіресе электр желісіне қатысты құралдардан қорқуы. 

Экономист-социолог, DAMU Research Group зерттеу агенттігінің директоры Тимур Айсаутов:

— Демократиялы ел болғандықтан ел пікірін елемей отыра алмаймыз. Аталған тақырыпқа байланысты бізде біраз жыл бұрын сауалнама жүргізілген болатын. Елімізде радиофобия қалыптасып қалған. Себебі, халықтың басым көпшілігі атом энергиясы зиян деп ойлайды. Денсаулыққа, табиғатқа әсері теріс деп түсінгендіктен қолдау таппайтын тақырып. Алайда, шынайы көзқараспен қарасақ, керісінше АЭС-тің зияны жоқтың қасы. Бізден жер көлемі 5-6 есе кіші Францияның өзінде ең көп АЭС орналасқан. Олар да біз секілді адамдар, бізден халық саны көп ел. Осы дүние арқылы энергия алып отыр және ала береді де. Сол себепті қорқа беруге негіз жоқ. Радиофобияның болуы – орынсыз нәрсе.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button