Жарнама
ЖаңалықтарСарапTimeҚоғам

Қызық болғанымен, қауіпті…

КӨПТЕГЕН ЕЛДЕРДЕ ҚЫСТЫГҮНІ ӨЗЕННІҢ МҰЗДАЙ СУЫНА ШОМЫЛУ ДӘСТҮРІ КЕҢ ТАРАЛҒАН. МҰЗ АЙДЫНЫНДАҒЫ ҚАҚAҒАН СУҒА ТҮСУ КЕЙБІРЕУЛЕРДІҢ ТҮСІНІГІНДЕ – ДІНИ ҒҰРЫП НЕМЕСЕ «КҮНӘДАН ТАЗАРУ». БІРЕУЛЕР МҰНЫ АҒЗАҒА ҚАЖЕТТІ ЕМ РЕТІНДЕ ҚАРАСТЫРСА, КЕЙБІРІ ҮШІН ЖАЙ ҒАНА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ. ӘРИНЕ, ЕҢ БАСТЫ БАЙЛЫҚ – ДЕНСАУЛЫҚ. «АУЫРЫП ЕМ ІЗДЕГЕНШЕ, АУЫРМАУДЫҢ ЖОЛЫН ІЗДЕ» ДЕП ХАЛҚЫМЫЗ ТЕККЕ АЙТПАЙДЫ. СОНДА ДА КҮННІҢ СУЫҚТЫҒЫНА ҚАРАМАСТАН, САЛҚЫН СУҒА ТҮСУДІ ӘДЕТКЕ АЙНАЛДЫРҒАНДАР ДА АЗ ЕМЕС.

Әлеуметтік желіде өзен ойығына түсіп, көрінбей кеткен әйелдің бейнебаяны таралды. Ойықты ай[1]нала қоршап тұрғандар зәресі ұшып, оны су асты[1]нан іздей бастайды. Сөйтсек, «instagram», «tik-tok» желілерінде ең көп қаралымға ие бұл бейнебаян. Ресейдегі Ленинград облысында болған оқиға екен. Кейін «жан-жағы суға түсуге жабдықталмаған ойыққа көлбей секірген әйелді қатты ағыс мұз астына ағызып әкеткен» деген түсінік берілді. Сөйтіп, ойламаған жерден оның өмірі үзілген. Құтқарушылардың да қолынан ештеңе келмегеніне сол жерде тұрған марқұмның екі баласы мен күйеуі де куә.

ҚАЛЫҢДЫҒЫ – 11 СМ

Ал, Атырауда демалыс күндері Жайық өзенінің орталық көпір тұсындағы мұз үстінде адам өте көп. Көбі бала-шағасымен жүргендер. «Өзгелер де өзен үстінде жүр ғой» деген жаңсақ түсінікпен, өз өмірлеріне қауіп туғызып жүргендерін түсінсе де мән берер емес. Біреулер арнайы ойылған ойыққа суға түссе, балалар бір шетте алаңсыз әрі қараусыз (!) сырғанап жүр. Шаңғы, коньки, басқа да сырғанау құралдарын 15 минутқа 500 теңгеден жалға беріп, оңай олжаға кенеліп жатқандар да аз емес.

Мамандардың айтуынша, Жайықтағы мұздың қалыңдығы – небәрі 11 сантиметр. Мұндай қалыңдықта соншама адамның бір жерге шоғырлануын Жайықтың мұзы көтере ал[1]майды. Әрине, аса қауіпті орындарға арнайы белгі ретінде қызыл ленталар керілген. Төтенше жағдай қызметінен келген кезекшілер де мұз үстіндегі 300- дей атыраулыққа сақ болуын ескертіп жүр. Соған қарамастан, оны құлаққа іліп жатқан жан жоқ. Сонда атыраулықтардың өмірі тек құтқарушыларға ғана керек пе?!

ОЙЫҚҚА ШОМЫЛУ КЕРЕК ПЕ?

Қазір қыста өзен суына шомылудың пайдасын әркім әрқалай түсіндіреді. Біреулер Порфирий Иванов тәсілі арқылы дәлелдегісі келеді, әйтеуір көп-ақ. Бірақ қазіргі жағдайда мұның пайдасы бар[1]жоғын да естен шығармаған жөн. Себебі, бүгінде денсаулыққа қауіпті кеселдер көп. Сондықтан, Атырау қалалық №7 емханасының балалар дәрігері Нұргүл Қоразовадан осы тақырыпта кеңес сұраған едік.

– Соңғы кезде қыстүгіні өзен суына шомылу дәстүрге айналып бара жатыр. Салқын судың денеге зиянды әсері жоқ па?

– Мұны екі жағдайда қарастыруға бола[1]ды. Пайдасы жағынан айтар болсам, адамның мұрнынан қан аққан жағдайда салқын сулы сүлгімен қанды тоқтатуға болады. Адамның қызуы көтерілгенде сулы сүлгіні маңдайына қойса, қызу сол сәтте басылады. Спазм яғни іш ауырғанда да мұздың көмегі көп. Суық су теріге әжім түсірмейді, буын ауруларының алдын алады. Салқын суға түскен адамның тамаққа да тәбеті ашылады. Зиянды жағы әрине, күйзеліске алып келеді. Адам эмоционалды түрде рухани күштің жоғарылағанын сезеді. Мұздай суға түсу — денені шынықтыру. Бірақ, адам психологиялық тұрғыдан оған әзір болуы үшін алдын-ала дайындалуы тиіс. Әуелі үйде тамағыңызды салқын сумен шай[1]ып, денені салқын сумен жууға кеңес беремін. Қыста суға түсетін адамның ағзасы көп өзгеріске ұшырайды. Ағзада реттейтін адреналин көбейіп, жүрек қағысы нашарлайды. Демек организм күресіп, жылуды реттейтін барлық тетік қарқынды жұмыс жасайды. Осы сәтте адамдар мұны көтере алмауы да мүмкін, әсіресе, кішкентай-балалар мен қариялар. Сондықтан, өзен суына 10 секундтан артық түспеген абзал.

– Ал, қазір балаларда қандай ауру түрлері көп кездеседі?

– Бұрын тамақ аурулары, яғни тонзиллит баспа тәрізді сырқаттар жиі кездесетін. Қазір балалардың тыныс алу жолдары нашарлаған. Коронавирус індеті қазір ушыққанымен, ба[1]лалар арасында осы аурудың симптомсыз түрі жиі кездеседі. Дене қызуы +38-39 тіпті, 40 градусқа дейін барады. Көп жағдайда ата-анадан үш күн ішінде температура басылғанын немесе асқынғанын естиміз. Сондай-ақ, желшешек (ветрянка), өкпенің қабынуымен (пневмония) ем алуға келетіндер бар.

– Қандай адамдарға мұзды суға түспеуге кеңес бересіз?

– Жүрек, жүйке аурулары, простатит және өкпе ауруымен ауыратын жандарға мұзды суға түсуге мүлде болмайды. Демікпемен ауыратын адам[1]дар суық суға түскенде жиі тұншығып, сырқаты күшейеді. Демалғанда кеудесінде сырыл пайда болады. Дәрігер ретінде балалардың өзеннің мұздай суына түсуіне түбегейлі қарсымын. Байқасаңыз, олар салқын судан қорқады. Сол кезде миына қан құйылса, есейе келіп аутизм ауруына апарып соқтыруы мүмкін. Психологиялық тұрғыдан да балада қорқыныш қалыптасады. Егер денені шынықтырғыңыз келсе, дұрыс тамақтанған жөн. Себебі, қазір гастрит және асқазан жарасымен ауырып жүрген жандар аз емес. Мүмкіндік болса, күніне бір мезгіл жаяу жүруге кеңес беремін. Әсіресе, аязды күндері мұзды суға түспеген жөн. Өз өміріңізге өзіңіз немқұрайлық танытсаңыз, басқа адам сіздің денсаулығыңызға жанашырлық таныта ма? Сондықтан өз өміріңізге жауапты бірден-бір адам – өзіңіз ғана!

– Денсаулыққа қатысты жақсы мәлімет айта алдыңыз. Уақыт бөлгеніңізге көп рахмет!

Сұхбаттасқан: Айдана ҚАНАТАЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button