Атырауда мұнай өнімдерін жасырын тасымалдағандар анықталды

lglglr Жаңалықтар

Атыраулық полицейлер мұнай өнімдерін жасырын тасымалдаудың 2 дерегін анықтады.

ҚР ІІМ нұсқауына сәйкес облыс аумағында 7 маусым мен 5 шілде аралығындағы мерзімде Қазақстан Республикасы аумағынан мұнай өнімдерін автомобиль көлік құралдарын дайындаушы зауытпен көзделген стандарттарға сәйкес келмейтін бензин бактарында әкету жағдайларына жол бермеу, тиісті рұқсатсыз жанар-жағар май бактарын орнату жолымен көлік құралдарын пайдалану қағидаларының бұзушылықтары фактілерін анықтау мақсатында рейдтік іс-шаралар жалғасуда.

Іс шараның 6 күнінде мұнай өнімдерін көлік құралына рұқсат етілмеген қосымша бактар арқылы жасырын тасымалдаудың 2 дерегі, көлік құралының басқада техникалық талаптарының сақталмауының 21 дерегі анықталды.

Осы ретте, атыраулық полицейлер көлік жүргізушілеріне жолдағы қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға және жанар-жағар майды заңсыз тасымалдаудың жауап тартуға әкелетінін ескертеді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз