COVID-19: Теңіз кенішінде ауру жұқтырғандар артуда

201228154213308e COVID-19: Соңғы поштадан...

Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова толығырақ айтып берді.

«Атырау облысы эпидемиологиялық ахуал бойынша «қызыл» аймақта тұр. Өңірде жұқтырған азаматтардың 60 пайызы Теңіз мұнай кен орнында тіркеліп отыр. Қазіргі таңда Теңізде сырттан келгендер мен шыққандарды скринингтеу ісі жалғасуда. Яғни тест көбейіп келеді. Қыркүйек, қараша мен желтоқсан айларын салыстырар болсақ, аурудың өршіп бара жатқаны байқалады. Сол себепті Теңіз кен орнында карантинді күшейту шаралары енгізілді. Яғни қосымша карантин, қосымша тестілеу, шығу және кіру бойынша қосымша шаралара, вахталық кенттер бойынша қызметкерлердің кіріп-шығуына қойылған қосымша талаптар енгізілуде», – деді Айжан Есмағамбетова.

Оның айтуынша, желтоқсан айының өзінде аталмыш мұнай кен орнында 600 адам індетке шалдыққан. Әйтсе де, Айжан Есмағамбетованың айтуынша Теңізде жұмыс тоқтамайды. Ол келтірген ақпаратқа сәйкес, «Теңізшевройл» компаниясының басшылығы арнайы шаралар пакетін әзірлеген.

«ТШО басшылығы барлық шарамен келісіп, оны іске асырады. Қызметкерлердің ПТР-тестіден өту көрсеткіші артады. Одан бөлек, кен орнынан кетерден бес күн бұрын міндетті тестілеу, кіре берісте міндетті карантин енгізілді. Ең бастысы, жағдайды, вахталық қалашықтағы карантин шараларының сақталуын бақылап, оны ТШО мердігерлері сақтауы керек», – деді Айжан Есмағамбетова.

«Қазақпарат»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз