
Жаңалықтар
Қызылқоғадағы тасжолдардың біраз бөлігі жабық
Атырау облысының аумағындағы республикалық маңызы бар «Доссор-Сағыз» (337-508 км), облыстық маңызы бар «Миялы-Сағыз» (203-317 км), «Қарабау-Индер» (0-87 км) тасжолдары жабық. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сондай-ақ бүгін сағат 10:45-те республикалық маңызы бар «Ақтөбе-Қандыағаш-Доссор-Атырау-РФ шекарасы» автожолының 508-603 шақырым аралығында (Доссор ауылы-Атырау қаласы) барлық көлік түрлері үшін қозғалыс ашылды. Департамент мамандары 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болатындығын қаперге берді.
Алмас ҚАБДОЛОВ