Қызылқоғада су тасқынына дайындық қалай?
Бүгін көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары аясында республика Төтенше жағдайлар министрлігінің арнайы тобы Қызылқоға ауданына ат басын тіреп, дайындық жұмыстарын пысықтады.
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, тексеру жұмыстарына Қостанай облысы ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Айдос Ахметов және Қызылорда облысы ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Жандос Досимов Жандос қатысты.
Арнайы топтың басты мақсаты – аудандағы су тасқынына қарсы шаралардың толықтығы мен тиімділігін бағалау. Өңірдің азаматтық қорғау қызметінің күштері мен техникалық құралдарының дайындығы тексеріліп, су тасқыны кезеңінде қолданылатын арнайы техникалардың жарамдылығы мен мамандардың біліктілігі назарға алынды.
–Су тасқыны – табиғи апат, оның зардаптарын азайту үшін алдын ала барлық жұмысты қамту маңызды. Бүгінгі тексеру нәтижесінде ауданда дайындық жұмыстары жоғары деңгейде жүргізілгенін көрдік. Дегенмен, әрдайым қосымша сақтық шараларын қарастыру қажет, – деп атап өтті Жандос Ерланұлы.
Сондай-ақ, аудан әкімінің орынбасары Ерболат Айдынғалиұлы су тасқыны кезеңінде пайдаланылатын құралдар мен қажетті ресурстар жөнінде ақпарат берді.
Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ