Жарнама
Жаңалықтар

Қызылқоғада санитарлық талап күшейтілді

Жыл басынан бері Қызылқоға ауданында сарып ауруы тіркелмеген. Бірақ, аудандық ветеринариялық лабораториясында тексерілген төрт түлік арасында бруцеллез ауруы тіркелген 49 ошақта 10063 сиыр мен 4836 қой-ешкінің аталған ауруға бейім екендігі анықталды. Қазір осы аумақтардан 100 адам зертханалық жолмен сарып ауруына тексеруден өтуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Алтынгүл Аймұратованың айтуынша, соңғы үш айда тұрғындар арасында сары ауру, сіреспе, көкжөтел, қызылша, қызамық, ротавирус жұқпасы жəне оба, құтырма, сібір жарасы секілді жұқпалы дерттер мен тамақтан улану жағдайлары мүлде тіркелмеген.

– Бруцеллез анықталған ауру ошақтарына жүргізілген эпидемиологиялық бақылаудың нəтижесінде сол аумақпен қарым-қатынас жасаған адамдар тексеріліп, бақылауға алынды. Сонымен қатар, ошақтардан сүртінді, ауыз су сынамалары алынып, уақытылы дезинфекциялық қорытынды жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, биыл 5 активті туберкулез ауруы тіркелген, былтыр 4 науқас анықталған еді, — деді А.Аймұратова.

Ал, Махамбет ауданында өткен жылмен салыстырғанда жоғары респираторлы вирустық инфекциясы, тұмау, желшешек, қызамық, педикулез, гепатит, бұзаутазбен (микроспория) ауырудың өсімі байқалса, туберкулез жұқтырғандар саны төмендеген.

– Жыл басынан бері 8 адам құтыруға қарсы ем-дом қабылдады. Бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 3 жағдайға төмен. Анықтап айтқанда, 6 адамды ит қауып, тағы екі адам мысықтан жарақат алған. Аудандағы ит ұстайтын 5 тұрғынға қатысты Əкімшілікқұқық бұзушылық туралы кодексінің 407-2 бабына сəйкес құжат толтырылып, аудандық полиция бөліміне жолданды. Соның негізінде барлығы да əкімшілік жауапкершілікке тартылды, — деді Махамбет аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Орынбек Зирек.

Сонымен қатар, ауданда халықты флюорографиялық тексеру жоспары 122,6 пайызға орындалып, 14 жасқа дейінгі балаларға толықтай манту сынамасы жүргізілген.

Мəлике ҚУАНЫШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button