Жарнама
Жаңалықтар

Қызылқоғада қауіп сейілді

Қызылқоға ауданының Тасшағыл ауылдық округінде су деңгейі түсіп, көпшіліктің бойындағы қорқыныш пен үрей сейілді. Бұл туралы Қызылқоға аудандық әкімдігі хабарлады.

Бүгін Тасшағыл ауылдық округіне қарасты Қоныстану елді мекенінде болған аудандық жедел штаб төрағасы, аудан әкімі Қанат Әзмұханов елді мекен тұрғындары мен еріктілердің жұмыс күшімен жасалып жатқан бөгеттерді аралады.

–Округ әкімі Гүлшара Нәдірқызының сөзінше, қазір округке су өз ағысымен келіп жатыр, Қоғам және Қоныстану елді мекендерінде сақтық шаралары күндіз-түні жүргізілуде. Қоғам елді мекені су қоршауында қалса, Қоныстануға су өз ағысымен келіп, бөгеттерге тиіп тұр. Бүгінгі күннен бастап судың деңгейі түсіп, қауіп сейілген, — дейді аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Айта кету керек, қазір округ тұрғындарына гуманитарлық көмектерді жеткізуде 1 қайықпен қызмет көрсетіліп жатыр.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Қызылқоға ауданы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button