Жұмыс іздеп жүрсіз бе?

1544066567 image l Жаңалықтар

Аtr.kz/23 қаңтар, 2019 жыл. 2019 жылы Атырау облысында 6 359 жас тұрақты жұмыспен қамтылды 2019 жылы облыс бойынша «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында 13 362 жасқа әлеуметтік қолдау түрлері көрсетілді. Оның ішіндегі  6 359 жас тұрақты жұмыспен қамтылды, –  деп хабарлайды Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Сонымен қатар, өңірімізде былтырғы жылы «Бастау бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне 929 адам, Жас кәсіпкер жобасымен 611 жастар оқуға жолданды. Нәтижесінде  589 жасқа өз ісін ашу үшін қайтарымсыз мемлекеттік гранттар беріліп, 89 жас микрокредиттерге қол жеткізді.

  • Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Роллан Құспанның айтуынша, жастар жылы аясында өңіріміздегі жастарға көптеген көмек көрсетіліп, бірқатар жұмыстар атқарылған.   

– 2019 жылы «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша 60 жас маманға бюджеттік несие берілсе,  159 жас маманға көтерме жәрдемақы берілді. Сонымен қатар, Атырау облысында «Мәңгілік ел жастары – индустрияға «Серпін – 2050» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 563 студент білім алып жатыр. 2019 жылы «Серпін – 2050» бағдарламасы арқылы білім алушы 247 студент 12  мамандық бойынша оқуын аяқтады. Олардың 90 тұрақты жұмысқа орналасса, 157 жұмыс іздестіру үстінде,  – дейді Роллан Құспан.

Сонымен қатар, 2019 жылы «Zhas Project» жастар корпусын дамыту жобасы аясында көптеген жұмыстар атқарылды. Нәтижесінде 715 жоба ұсынылып, 257 әлеуметтік жобалар іске асырылды.  

–  Жобаның негізгі мақсаты – оқымайтын, жұмыста жоқ немесе жұмысы бар, бірақ табысы төмен жастарды және NEET деңгейіндегі жастарды қоғам өміріне белсенді араласуға тарту болып табылады.  Жобамен қамтылған 811 жастың: 41-і мүмкіндігі шектеулі жастар болып табылады. Қалғаны ЖОО мен мектеп оқушылары, – дейді басқарма басшысы. 

Сондай-ақ, былтырғы жылы  «Жасыл Ел» жастар еңбек жасағының маусымдық жұмысына 2200 жас   жұмысқа жұмылдырылып, көгалдандыру және  абаттандыру, құрылыс  жұмыстары атқарылды.  

Бұдан бөлек, жастар жылына орай облыс жастарының өзін-өзі дамытуы мен табысқа жету мүмкіндігін арттыру мақсатында, оқуы мен жұмысқа тұруы үшін қажетті өмірлік маңызды дағдыларды  меңгеруіне бағытталған «Самғау» жобасы жүзеге асырылып, 2 000-ға жуық жастар мен жасөспірімдер қамтылды.

Айта кетейік, Атырау облысында 14-29 жас аралығында 145 378 жас  бар. Бұл облыс халқының 23%-ын құрайды.

Тағы оқыңыз:

http://atr.kz/bez-rubriki/%d2%9bytajdy%d2%a3-uhan-%d2%9balasy-t%d2%b1r%d2%93yndaryna-k%d3%a9shege-shy%d2%93u%d2%93a-tyjym-salyndy/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз