Жаңалықтар
Қызылқоғада мал ұрлаған қылмыстық топ ұсталды
Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қызылқоға аудандық полиция бөлімі қызметкерлері аудан аумағында жедел-іздестіру шаралары кезінде Қоныстау ауылы тұрғынының далалық алқапта жайылып жүрген сиыр малының жоғалғанын анықтаған.
«Іздестіру шаралары нәтижесінде бес адамнан құралған ұйымдасқан қылмыстық топтың алдын-ала сөз байласу арқылы мал ұрлағандығы белгілі болды. Күдіктілердің аудан тұрғындары екені анықталып, ұсталды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 181-1 бабы 3 бөлігі 1 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», — делінген хабарламада.