Қызылқоғада бірнеше ұлы тұлғаның мерейтойы аталып өтпек
Атырау топырағыда дүниеге келген ұлы тұлғалар Махамбет Өтемісұлының туғанына 220 жыл, Мұрат Мөңкеұлының туғанына 180 жыл, Халел Досмұхамедовтың туғанына 140 жыл толуын ұлықтау мақсатында Қызылқоға ауданында 13-14 желтоқсан күндері ауқымды шаралар өтеді, деп хабарлайды atr.kz тілшісі Қызылқоға ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аудан әкімдігі, Атырау облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы мен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетімен бірлесіп, Айтыскерлер одағы мен «Айтыс» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өтетін конференцияға республикамызға танымал ғалымдар, қоғам қайраткерлері қатыспақ. Этнофестивальге Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау және Батыс Қазақстан Облысынан айтыскерлер, жыршы термешілер мен садақ атушылар да келеді.
13 желтоқсан күні сағат 18.00-де Миялы ауылы «Арман» мәдениет үйінде Т.Жаңабаевтың «Халел Хакім» пьесасы сахналанады.
14 желтоқсан күні сағат 10.00-да Миялы ауылы «Арман» мәдениет үйінде «Тарих және рухани сабақтастық» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп, түстен кейін 14.00-де аймақтық ақындар айтысы, Орталық стадионда садақ ату сайысы өтеді.
14 желтоқсан күні сағат 10.00–де Жасқайрат ауылы «Шалқыма» мәдениет үйінде терме мен күйден сайыстар жоспарланған.