Қызылқоға. «Миялы – Сағыз» тас жолын су шайып өтіп, қатынас қиындады

fb img 1711936421335 Жаңалықтар

Бірінші сәуір 02.00 сағаттағы ақпарат бойынша, әйелдер, балалар, науқас жандар және I, II, III топтағы мүгедектегі бар азаматтар, барлығы 560 тұрғын автобус арқылы 3 эвакуациялық пунктке (сыйымдылығы 180, 300, 270) көшірілді. Бұл туралы облыстық штабтың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазір Миялы ауылын су басу қаупі жоғары деңгейде. Тасқын су «Миялы-Сағыз» тасжол бойын шайып өтіп, жол қатынасы қиындады.

Ойыл бойында орналасқан 407 шаруа қожалық иесіне қауіпсіз аумаққа төрт түлік малдарын көшіру жөнінде алдын ала ескерту беріліп, Жамбыл, Жангелдин, Ойыл, Тайсойған округтеріндегі 7 шаруа қожалығынан 2209 қой-ешкі, 448 мүйізді ірі қара, 138 жылқы, 20 түйе және 14 адам қауіпсіз аймаққа шығарылды.

Ауыл іргесіне бөгет көтеру, қапшыққа құм толтыру, жағаларды биіктету жұмыстарына 275 мекеме қызметкерлері, 48 полиция, 35 төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері және 3000-нан астам ерікті жұмылдырылды.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінен 4 судан құтқару жасағы, 80 құтқарушы ауданға көмекке келді. Сонымен қатар, 1 трэкол, 1 вахтовка, 1 уаз, 3 арнайы техника мен 3 маторлы қайық келді.
Аудан бойынша 65 арнайы техника жұмыс атқаруда. Миялы ауылында 16 техника жұмыс істеп жатыр.

Облыстық құрылыс, сәулет және қалақұрылысы басқармасы арқылы «Нұркапитал» ЖШМ- нен 1 бульдозер, «Сұңқар Құрылыс ЛТД» ЖШС 1 погрузчик, 1 экскаватор, «Темірстройсервис» ЖШС-нен 1 погрузчик, 1 экскаватр, «Нұркапстройгаз» ЖШС-нен 1 погрузчик техникалары көмекке келе жатыр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз